14 тамызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 14 тамызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • 2018 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары.

  • «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзекті ету.

  • Ауылдық елді мекендерді интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, 5G және дата-орталықтарды дамыту жобаларының іске асырылу барысы.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу