«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қызметінің І жарты жылдықтағы қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 3 тамызда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қызметінің 2018 жылдың І жарты жылдығындағы қорытындылары жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры — басқарма мүшесі Ернар Жанәділ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры — басқарма мүшесі Балжит Каур Гревал, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ стратегиялық даму департаментінің директоры Ләззат Боранқұлова, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры Сергей Куянов шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу