26 маусымда Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 26 маусымда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар.
  • Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы заңды іске асыру жөніндегі шаралар.
  • Астана агломерациясын іске асыру барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтың, Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының м.а. Шыңғыс Ахметовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу