15 Маусым 2018, 11:43
Дүйсенбі күні, 18 маусымда, сағат 11:20-да Үкімет үйінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында студент жастардың баспана жағдайларын жақсарту туралы» баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов шара спикерлері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу