Үкімет отырысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралады

Үкімет үйінде сейсенбі күні, 25 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту шаралары. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика, қаржы, инвестициялар және даму министрліктерінің басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу