«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру барысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 20 шілдеде, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты бірінші бағытын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

Баспасөз конференциясында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова сөз сөйлейді.

Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу