10 Қыркүйек 2018, 04:35
Сейсенбі күні, 11 қыркүйекте, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде:
• 2018 ж. сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары.
• Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері.
• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу