10 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 10 шілдеде, сағат 15:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы;

  • 2018 жылдың І жарты жылдығындағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Әлтаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу