Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында машинажасаудағы автомобиль жасау үлесі 25,4%-ға өсті - ҚР ИИДМ

Сәрсенбі, 10 Шілде 2019, 13:02:48

ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасаудағы автомобиль жасау үлесі 19,2% құрағанын жеткізді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 205,9 млрд теңгені және 32 298 көлік құралын құрады. 

«Автомобиль жасау Қазақстандағы машина жасаудың жаңа саласы болып табылады. Ұлттық автомобиль құрастыруды дамыту экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, мәселен, қазір осы сектордағы жұмыс орындарының саны шамамен 2 мың адамға жетті, ал өнеркәсіптің аралас салаларындағы жұмыс орындарының саны 7 мың адамға жетеді», - деді Аманияз Ержанов.

Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 114,7 млрд теңге сомасына 16 921 бірлік көлік құралдары өндірілді. Жеңіл автомобильдер өндірісі 41,5%-ға (11 118-ден 15 733 бірлікке дейін), автобустар 3,2 есеге (126-ден 404 бірлікке дейін), жүк автомобильдері 35%-ға (367-ден 495 бірлікке дейін) және тіркемелер мен жартылай тіркемелер 35%-ға (200-ден 270 бірлікке дейін) өсті.

Бүгінгі күні республика аумағында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Hyundai Trans Auto» ЖШС және т. б. сияқты жеңіл және жүк автомобильдерінің ірі өндірушілері жұмыс істейді. JAC, Ravon, IVECO, GM, Skoda, Peugeot, Kia, Hyundai, Daewoo, Renault – Nissan – АВТОВАЗ сияқты әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық саласында жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық түрлерін құрастыру бойынша өндіріс құрылды.

«Автомобиль жасау өндірісінің өсуінің себебі нарықтағы сұранысты қалпына келтіру, экспорттық нарықтардың ашылуы (2018 жылы 329 көлік экспортталды, 2019 жылдың 5 айында 524 авто), сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы және автобус паркін жаңарту бағдарламасы шеңберінде автобустарды лизингпен өткізу болып табылады, мұның барлығы автомобиль жасау секторының дамуына оң әсерін тигізді», - деп мәлімдеді Аманияз Ержанов.

Жалпы, мемлекет 2015 жылдан бастап жеңілдетілген автокредиттеу және лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске қосу басталғанда 50 млрд теңге бөлді, оның ішінде 10 млрд теңге көлеміндегі соңғы транш 2018 жылдың мамыр айында бөлінген. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді және бүгінгі күні қаражатты екінші рет игеру жүргізілуде, яғни бағдарлама жалғасуда. 

Револьверлік игеруді ескере отырып, бүгінгі күні 76 млрд теңге сомасына 15 мың бірліктен астам көлік құралдары сатылды. Жыл сайын айналымдағы 8-9 млрд теңгеге жуық қаржы шамамен 1 500 бірлік техникаға есептелген.

2018 жылы отандық өндірушілерді қолдау аясында автобустарды лизингке өткізу бағдарламасы іске қосылды. Республикалық бюджеттен 13 млрд теңге бөлінді, оның 10 млрд теңгесі - автобустарға. Ақша 7%-дан аспайтын қолжетімді мөлшерлеме бойынша 50/50 ара қатынасында нарықтық қорландырумен микширлеуді есепке ала отырып сатылады.

2019 жылдың 1 маусымына 13,3 млрд теңге игерілді, Атырау, Семей, Шымкент, Павлодар қалаларында автобус паркін жаңарту бойынша 4 жоба қаржыландырылды және 571 бірлік автобус сатылды. Осы бағдарлама аясында 2019 жылы республикалық бюджеттен 23,5 млрд теңге бөлінді.

«Автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін қосымша жобаларды іске қосу арқылы ірі сериялы өндіріске ден қою маңызды. Автомобильдердің ірі сериялы өндірісіне шығу Қазақстан аумағында жеке автокомпоненттік база құруға ықпал ететін болады. Осы жылдың сәуір айында ҚР ИИДМ мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасында өндірістік кооперацияны дамыту саласында бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды, оның шеңберінде КАМАЗ маркалы АТС-тың техникасы мен компоненттерін өндіру, Hyundai маркалы машиналар мен олардың компоненттерін өндіру, «Азия Авто Қазақстан» АҚ толық циклді автозауыт салу бойынша жобалар көзделген. Егер автомобиль өнеркәсібіндегі жаһандық жағдай туралы айтатын болсақ, әлемде біз бірқатар өзгерістерді байқап келеміз. Әлемдік трендтердің бірі қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық таза машиналар өндіру, бірінші кезекте электромобильдерді өндіру болып табылады», - деп атап өтті вице-министр.

Ол Қазақстан әлемдік трендтерге сәйкес келуге тырысатынын, сондықтан ҚР-да электромобильдер өндірісі жоспарланып отырғанын атап өтті. Осылайша, бүгінде автомобиль жасау секторындағы отандық кәсіпорындар электромобильдерді жасау процесін егжей-тегжейлі зерттеумен айналысуда. Осы тренд аясында Қазақстанда жаңа автокөлік түрлерінің алғашқы үлгілері сынақтан өтті. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.