Бюджеттен ең аз өтелетін МЖӘ жобалары басымдыққа ие — ҚР ҰЭМ

Бүгінде Ұлттық экономика министрлігі мемлекет пен бизнес арасындағы мүдделер теңгерімін қалыптастыру және қолдау үшін МЖӘ әдіснамасын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекеттік-жекшелік әріптестік инвестицияларды барынша арттыруы тиіс.

«Қолданыстағы лимиттерді барынша көп инвестиция тартуға болатындай етіп пайдалану керек. Бұл, егер бюджеттен ең аз өтелетін жобаларға басымдық берілсе мүмкін болады», — деді М. Такиев.

Осы мақсатта Ұлттық экономика министрлігі осы жылдың басынан бастап жобалардың үш санатын анықтады:

  • I санат — жекеше серіктестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толық өтеу. Бұл 154 МЖӘ жобасы.
  • II санат — бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен инвестицияларды жартылай өтеу. Бұл — 265 жоба.
  • III санат — бюджеттен өтелмейді. Өтеу қызметтер есебінен жүргізіледі (тариф, мемтапсырыс, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі көрсету, ақылы қызметтер және басқалар). Бұл — 137 жоба.

Аталған шара, вице-министрдің айтуынша, бюджетке түсетін жүктемені алып тастауға және көбірек инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, М. Такиев МЖӘ жобалары мен олар бойынша қабылданған міндеттемелер ай сайын мониторингтен өтеді. Оны «МЖӘ орталығы» АҚ сайтынан жүктей аласыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мониторингі мен бақылауы күшейтіледі және келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау жаңа форматта жүргізілетін болады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау шеңберінде біз заңнамаға қандай өзгерістер қажет екенін көріп отырмыз, жергілікті атқарушы органдармен шұғыл жұмыс істейміз, кейде жобаның ықтимал теріс нәтижесін, мысалы, шарттардың бұзылуын, міндеттемелердің төленбеуінің алдын алуға бағыттаймыз», — деді М. Такиев.  

Сондай-ақ, вице-министр осы жылдың мамыр айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы базасында инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетілетінін айтты. Мұндай ақпараттық қолдау мыналарды қамтиды:

  • инвесторды оқыту және консультативтік-ақпараттық қамтамасыз ету;
  • инвестор қызығушылық танытатын салада республикалық немесе жергілікті деңгейдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын таңдау;
  • жоспардағы, және конкурсқа жарияланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы потенциалды инвесторларды ақпараттандыру;
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру сатысында жеке әріптестермен жұмыс жүргізу.

«Әрбір жүгінген инвесторлармен жұмыс істейтін менеджерлер бар, олар жұмысты жүргізіп, әзірлеу сатысындағы жобаларды көрсетеді. Олар инвесторға бір жерден қызмет алуға көмектеседі. Бұл тетік пысықталған», — деді вице-министр.

Бүгінде 300 астам инвесторлардың өкілдерінен база қалыптастырылды. МЖӘ орталығының «Бір терезесіне» келген компаниялардың басым бөлігі жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іздеу үстінде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу