Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы және ШОБ-ты қолдау шаралары

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тілшілердің сұрақтарына жауап берді. 

Нұржан Нұржігітов елiмiздегi ондаған жылдар бойы қолданыста болып, 60%-ы тозған су шаруашылығы нысандарын жөндеу және қалпына келтiру үшiн қанша қаражат қажет екенiн айтты. Сондай-ақ ол жер сілкінісі болған жағдайда алматылықтар сусыз қалады деген қауесетті жоққа шығарды

Әлібек Қуантыров шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күрес, базалық мөлшерлеме мен инфляцияны төмендету, кедергілерді жою, мобильді аударымдар мен облигация түріндегі зейнетақыға қатысты дүрбелең туралы сұрақтарға жауап берді.

#Брифинг #Экономика #су ресурстары #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу