Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Президентінің борыш жүктемесін азайту туралы Жарлығын іске асыру: мемлекет 500 мың қазақстандықтың қаржылық жағдайын жақсартады

Бейсенбі, 27 Маусым 2019, 12:31:43

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг аясында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов Президенттің  «ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді.

ҚР Президентіне азаматтар тарапынан тұтынушылық кепілсіз несиелерді төлеуге көмектесу туралы көптеген өтініштер келіп түседі.

«Әлеуметтік жағынан әлжуаз азаматтар, бұл – көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жетім балалар түрлі себептерге байланысты өмірлік қиын жағдайларға тап болып, өздеріне алған несиелік міндеттемелерді өтей алмай жүрген жағдайлар бар», — деді Ә. Смайылов.

Аталған мәселе 500 мыңға жуық адамының проблемасы. Сондықтан да, Президент теңдессіз әлеуметтік қолдау көрсетуге шешім қабылдады, кеше тиісті Жарлыққа қол қойылды. Жарлықтың мақсаты — өмірлік қиын жағдайларға тап болған қазақстандықтарға жәрдемдесу, өз отбасыларының қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру.  

Жарлықта Үкімет пен Ұлттық банкке бір жолғы акция ретінде келесі шараларды қабылдау тапсырылды. Тікелей атаулы қаржылай көмек ретінде жоғарыда аталған санаттың әрбір қарыз алушысына мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарында негізгі борышы мен оған есептелген сыйақының жалпы 300 мың тг дейін қарызын жабады. Сонымен қатар, қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспайтын болуы керек. 

Банктер мен шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық несиелері бар барлық азаматтар үшін 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жинақталған айыппұлдар мен өсімақылар алынып тасталады. Бұл есептен шығару екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары есебінен жүзеге асырылады. 

Бұған қоса, мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салынады.

«Президенттің позициясы — тұтынушылық несиелерге қатысты орын алған жағдай қайталанбауы тиіс», — Ә. Смайылов.  

Ұлттық банк реттеу сипатындағы және қаржы ұйымдарының өздеріне шамадан тыс тәуекел алу бойынша жауапкершіліктерін күшейтуге қатысты қажетті шараларды қабылдайды. Қаржылық жағдайды одан әрі ушықтырмау үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады. Ұлттық банк кепілсіз тұтынушылық қарыздар беру кезінде қосымша реттеу шараларын қабылдайды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
13 Тамыз 2020, 18:48
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті
13 Тамыз 2020, 18:07
Мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті
13 Тамыз 2020, 11:39
Арман Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.