Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық көлемі Қазақстан нарығындағы әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті

Дүйсенбі, 14 Қазан 2019, 15:05:17

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, жалпы республика бойынша дәнді-дақылдарды жинау алаңы 15,2 млн га құрайды, оның ішінде 15,1 млн га жиналды, бұл 99,2% құрайды. 19,1 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік 12,6 ц/га құрады.

«Қазіргі уақытта егін жинау жұмыстары 99,2%-ға аяқталған. Қалған 0,8%-ы ‒ жұмысты аяқтап жатқан ұсақ шаруашылықтар. Жаңа астықтың түсімі, көлемі, сапасы туралы сұрақтар туындайды. Биыл бункерлік салмағында 19,1 млн тонна астық аламыз деп болжап отырмыз. Біздің алдын-ала есептеулерімізге сәйкес, былтырдан қалған астықты есепке алмағанда, бізде 11,5-12 млн тонна бидай болады, сондықтан бөлуге шамамен 14 млн тонна астық бағытталады. Бұл ішкі сұранысты 6 млн тоннаға қамтамасыз етуге жеткілікті», — деді С. Омаров.

Сонымен қатар, министр нан бағасының аздап өсуі күтіліп отырғанын, дегенмен Азық-түлік келісімшарт корпорациясында бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін астық жеткілікті екенін айтты.

«Нан бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу үшін біз қазір тұрақтандыру қорына астық сатып алумен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар, әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алып жатыр. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін ақпаннан шілдеге дейін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады. Биыл нан бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу үшін біз ішкі нарыққа 150 мың тонна астық саттық», - деді С. Омаров.

Оның айтуынша, нан бағасының қалыптасуы тек бидайға ғана байланысты емес, басқа да қосымша шығындар бар. Бұл энергияны тұтыну, жалақы, жанармай және т.б.

«Мұның бәрі нарықтағы жағдайға байланысты. Бүгінгі таңда элеваторларға барлығы 2,9 млн тонна астық жеткізілді. Қараша айының соңына қарай барлық астық элеваторларда болады, содан кейін біз бағаның қандай болатындығын түсінеміз. Нанның бағасы тек бидайға ғана байланысты емес, нан бағасының қалыптасуында бидай шамамен 54% құрайды. Қалғаны басқа қосымша шығындарға байланысты. Нан бағасының күрт көтерілмеуі үшін біз жұмыс істейміз. Қазір нанның бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге аралығында. Менің ойымша, шамалы өсім болады», — деп нақтылады С. Омаров.

Өз кезегінде ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов бүгінгі таңда Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тұрақтандыру қорында 350 мың тонна астық бар екенін, оған қоса келісімшарт жасалған 70 мың тонна астық бар екенін айтты, бұл шамамен 400-420 мың тонна астық. Бұл көлем ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін жеткілікті.

«Нан зауыттары нанның әр түрін шығарады. Біздің қызмет саламыз әлеуметтік нанға қатысты. Әкімдіктерде құралдар бар ‒ бұл тұрақтандыру қорлары, олар солардан ұн сатып алып, әлеуметтік нан пісіру үшін наубайханаларға жеткізе алады. Сонымен қатар, әкімдіктер екі бағытта әрекет етеді: біреуі ұн сатып алады, сақтайды және наубайханаларға жібереді, ал біреуі, керісінше, әлеуметтік нанға арзан несие береді», — деді Р. Құрманов.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Нұрбек Даирбековтың айтуынша, қазіргі уақытта жалпы сақтау сыйымдылығы шамамен 12,2 млн тонна болатын 187 лицензия берілген нан қабылдау кәсіпорны бар, олар әкімдіктер берген лицензия негізінде қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетеді.

Сонымен қатар, АШТӨ 14,9 млн тонна астық сақтау мүмкіндігі бар. Осылайша, астық сақтау қоймаларының жалпы көлемі 27,1 млн тоннаны құрайды, бұл болжамды өнімділікті ескере отырып, астықты сақтауға жеткілікті.

«Бүгінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы республика бойынша нан бағасына мониторинг жүргізуде. Біз қандай сападағы бидай жиналғанын, қанша көлемде жиналғанын қараймыз. Осы сандарға сүйене отырып, біз өзіміздің іс-қимылдарымызды жасаймыз. Егін жинау нәтижелеріне қарай біз толық баға беріп, азық-түлік корпорациясының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мақсатында нарыққа жаңа ұсыныстар енгіземіз, осылайша 2020 жылы күзгі-көктемгі кезеңде бағаны төмендетуге қажеттілік туындаған жағдайда, ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға құралдар болады», — деді Н. Даирбеков.

Сонымен бірге, бүгінде бидайдың экспорттық әлеуеті шамамен 6 млн тоннаны, арпа бойынша ‒ 2 млн тоннаға жуық және басқа дәнді дақылдар бойынша шамамен 300 мың тоннаны құрайды. Осылайша, 2019 жылғы егіннен барлығы 8,3‒8,5 млн тонна астық экспортталады деп күтілуде.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.