Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР ІІМ су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде

Сейсенбі, 25 Ақпан 2020, 13:59:15

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтып берді.

«Біз көктемгі-су тасқыны кезеңіне дайындықтың белсенді кезеңіне өттік. Бүгін таңғы сағат 6-дан бері республика бойынша біз “Көктем-2020” кешенді командалық-штабтық оқу-жаттығуларын бастадық, онда жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының, сондай-ақ ІІМ бөлімшелерінің көктемгі-су тасқыны кезеңінде ТЖ-ға әрекет етуге дайындығы тексеріледі», — деп атап өтті Ю. Ильин.

Осы жылдың 1 ақпанындағы қардың жиналу болжамына сүйене отырып, ҚР ІІМ ТЖ туындау қаупі жоғары учаскелерді анықтады. Бұл — 600-ден астам елді мекен.

«Қазір біздің бөлімшелеріміз әкімдіктермен бірлесе отырып, су басу аймағында қалуы мүмкін халықты хабардар етіп, рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар береміз», — деді Ю. Ильин.

Осы жылдың 1 наурызында «Казгидромет» АҚ толық нақты болжамды ұсынады. Одан кейін Ішкі істер министрлігі қардың көп жаууы байқалатын учаскелердегі оқиғаларға қатысты ықтимал нұсқаларды пысықтауды жоспарлап отыр. 

Ю. Ильиннің айтуынша, 26-27 ақпанға қатысты түскен дауыл ескертулері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында жел жылдамдығының күшеюі, жаңбыр түрінде жауын-шашынның жаууы бойынша ескертулер қардың ерте еріуіне себеп болмақ. 

«Көпжылдық бақылауларға қарағанда көктем мезгілі әлдеқайда ертерек келеді деп болжап отырмыз. Наурыз айының ортасы негізгі шарықтаған шағы болады деп ойлаймын. Өткен жылмен салыстырғанда көктемгі кезең екі-үш апта бұрын басталады», — деді Ю. Ильин.

Вице-министрдің айтуынша, ең үлкен қауіп Қарағанды облысында Нұра өзенінің сағасында белгіленген, онда үлкен қар қоры қалыптасып, топырақтың терең қатуы байқалады, бұл судың жоғары ағынын, Нұра өзенінде жоғары су тасқынының пайда болуын тудыруына әкелуі мүмкін. 

Қар қоры бойынша да Вячаслав су қоймасының толу қаупі бар. 

«Тиісінше, қызметкерлер Астаналық контр реттеуішіне жұмыс істейтін болады, бұл Нұр-Сұлтан қаласын тым көп еріген қар суынан қорғауға және Есіл өзені бойымен судың әрі қарай ағуына мүмкіндік береді», — деді вице-министр. 

Сонымен қатар Ақмола облысындағы Жабай және Колутон өзендері бойында да су басу қаупі бар. Атбасар және Колутон елді мекендеріне осы өзендердің салдарынан су басы қаупі төніп тұр.

Бұдан кейін ең көп жүктеме Солтүстік Қазақстан облысының аумағына түсетін болады, Ақмола облысының аумағындағы барлық өзендер осы өңірге жетіп, Сергеев су қоймасы өзенінің сағасына жетеді, ал бұл саға реттелмейді. 

Сонымен қатар Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласын су басу қаупі туралы айтып берді. 

«Біз бәріміз, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, биыл қар көп мөлшерде жауғанын білеміз. Қазгидрометтің болжамынша, бұл нормадан екі еседен астамға артық. Көшелерден, аулалардан қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Әрбір тұрғын бұл жұмыстардың қарқынды жүргізілуін қалайды, себебі, көктемнің шығуына аз уақыт қалды», — деді Юрий Ильин.

Министрдің орынбасары биыл ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы көтеріліп, жаңбыр мен қар жауғанда кей жерлерді су басқанын атап өтті. 

«Бізде көшенің бір бөлігі су астына кетті. Әкімдік қазір болжап отырған күрделі жағдай өзеннің төменгі бөлігінде, өзен аңғарында, қаладан тыс, саяжайлар орналасқан жерде орын алуы мүмкін. Су басуы ықтимал. Сонымен қатар ағын сулар кәрізінің жұмысын жолға қоймаған аумақтар – Б. Момышұлы даңғылы, Тұран көшесінің бойы. Бұл учаскелерде проблема бар. Салдарын жою үшін ТЖК тарапынан көмек көрсетілетін болады», — деді Ю. Ильин.

Су ресурстары комитеті Нұра өзенінің бағытына қарай контр реттеуіштен шығарынды каналын салу жобасын ұсынды. 

«Учаскелер Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген. Әкімдік су басқан аймақта қалуы мүмкін тұрғындарды құлақтандыру шараларын жүргізіп жатыр. Қажет болған жағдайда, оларды эвакуациялайтын боламыз», — деді Юрий Ильин.

Министрдің орынбасары төтенше жағдайлардың туындау қатерін төмендету жөніндегі Жол картасының іске асырылуы туралы айтып берді. Жол картасы аясында барлық өңірлер бойынша 600 іс-шара жоспарланған. Жол картасын жалпы қаржыландыру көлемі 130 млрд теңгеге жуық: 78 млрд теңге – республикалық бюджеттен, 50 млрд теңгеге жуығы – жергілікті бюджеттен. 

Жалпы, барлығы 400-ге жуық іс-шара жүзеге асырылды. 36 шараның іске аспау қаупі бар. Олар бірқатар объективті себептерге байланысты өткен жылы іске асырылмай қалды. Премьер-Министр 2019 жылы іске аспай қалған шараларды іске асыру және 2020 жылы қалғандарын аяқтау туралы тапсырма берген. 

Ю. Ильин Жол картасына іске асырудың зор тиімділігі бар екенін атап айтты. 

«Өткен жылы бізде су басқан 1000 елді мекен болды. Қазір біз ондай қатерді азайттық. Қазір 350-ден аз елді мекенде су басу қаупі бар», — деді вице-министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.