МЖӘ тетігі бюджетке жүктемені шектеуге бағытталған — А. Көбетов

ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ҰЭМ «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетов Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жетілдіру туралы айтып берді.

А. Көбетов 2014 жылға дейін Қазақстанда бар болғаны үш ірі МЖӘ жобасы болғанын айтты, олар: «Шар — Өскемен» автожолы, Ақтаудағы халықаралық әуежай және Солтүстік Қазақстан электр желісі.

«2011 жылдан бастап біз ҚР ҰЭМ бірлесіп инвесторларды тарту тетіктерін кезең-кезеңімен енгізе бастадық. Біріншіден, бұл барлық облыстарды кеңейту жұмыстары болды. Бұған дейін тек әлеуметтік жобалар мен тіршілікті қамтамасыз ету жобалары іске асырылды. Одан кейін спектр кеңейтілді», — деді А. Көбетов.

2015 жылы МЖӘ туралы заң қабылданғаннан кейін «Жеке қаржылық бастама» тетігі пайда болды. Бүгінде қол қойылған 565 келісімшарттың 290-ы осы тетікке қатысты.

ҮАААЖ жобасын іске асыру аясында ерекше маңызды жобалар бойынша валюталық тәуекелді қабылдау, халықаралық арбитраж, жеке серіктес, мемлекеттік серіктес және қаржыландыру институты арасында келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін тікелей келісім секілді негізгі өзгерістер енгізілді.

«Егер бөліністі алып қарайтын болсақ, 907 млрд теңге сомасына 9 республикалық МЖӘ жобасы және 400 млрд теңге сомасына 556 жергілікті жоба. Олар бойынша шығындарды өтеуге 1,1 трлн тг жұмсалады. Инвестициялар тарту – шамамен 900 млрд тг. Шамамен 1:1», — деді ҚР ҰЭМ «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Сонымен бірге, ол бастапқыда инвесторларды мемлекеттің жауапты бағыттарына тарту міндеті тұрғанын атап өтті. Сондықтан да, инвесторлар үшін аса тартымды емес жобалар болды. Кез-келген мемлекеттегідей, Қазақстан қаржы салатын инвесторлар үшін қайтарымдылыққа кепілдік беріп, тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз етуі тиіс еді.

«Осы қабылданған міндеттемелердің арқасында жобалардың саны осыншалықты болды. Бірақ осы жылдың басынан бастап ҚР ҰЭМ саннан сапаға көшуді бастады, жобаларды үш санатқа бөлді», — деді А. Көбетов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу