Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Өңірлерде көмір бағасы бір тоннасы үшін 7 мың теңгеден 19 мың теңге аралығында ‒ ҚР ИИДМ

Бейсенбі, 31 Қазан 2019, 17:25:17

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Қанат Байытов Қазақстанда көмір бағасының қалай түзілетіні туралы айтып берді. 

Қ. Байытов түсіндіргендей, бүгінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірдің жалпы көлемі тауарлық биржа арқылы өткізіледі (89%). Энергетика және өнеркәсіп кәсіпорындарына көмір тікелей келісімшарттар бойынша разрездердің босатылатын бағалары бойынша тиеледі. 

«Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір бағасы разрезде тиеу бағасына (өндірлуіне байланысты тоннасы үшін 3-7 мың теңге аралығында), тасымалдауға жұмсалатын теміржол тарифтеріне, жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге, көмірдің биржалық бағасына, сондай-ақ тұрғындарға көмір жеткізетін делдал ұйымдар мен жеке тұлғалардың маржасына байланысты болады», — деді Комитет төрағасы.

 Сонымен қоса, Ұлттық экономика министрлігі жүргізген талдаулар көтерме бағамен жеткізушілермен (делдалдармен) тауарлық биржадан соң 1 тонна көмірге үстеме баға 90% құрайтынын көрсетті. 

«Әрбір жайт бойынша біз тексерулер жүргіздік. Әрбір жүргізушімен сөйлестік. Соңғы уақытта жеткізушілерге қатысты, олар бағаны аспандатып жібереді деген шағымдар көп болды. Біз машиналар бойынша сараладық. Үш тасымалдау түрі бар. Біріншісі ‒ разрезге өздері барып, көмірді тиеп алып, тұрғындарға жеткізетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар. Онда бағаны тым көтереді деген нәрсе жоқ. Екіншісі ‒ теміржолдың тұйықталған басында тұратындар. Мұндайда сіз өзіңіз келіп, көмірді таңдап, бағасы туралы келісімге келесіз. Мысалы, Нұр-Сұлтан бойынша көмір 100-120 км ара қашықтыққа жеткізіледі. Үшіншісі - көмірді сатып алып, тас жолдардың біріне шығып оны қымбатырақ сатып ала алатын адамдарды күтіп тұратындар. Ондайлардың саны өте аз, сондықтан олар көмір бағасына ықпал ете алмайды», — деді Қ. Байытов.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда түрлі маркалы көмірдің бағасы түрлі кен орнына және өндірудің өзіндік құнына, сатылатын жеріне жеткізу ара қашықтығына байланысты орта есеппен түрлі өңірлерде 1 тоннасы үшін 7 мың теңгеден 19 мың теңге аралығында екенін айтты. 

«Мысалы, біз Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мониторинг жүргіздік. Көмірді қаланың түрлі бөліктеріне өткізетін 8 компания анықталды. Барлық көмір түрлерінің бағалары белгіленген. Жеткізу құнынсыз орташа бағасы бір тоннасы үшін 12 мың теңгені құрайды. 24-30 қазан аралығында елордаға 141 вагон немесе 9770 тонна көмір жеткізілді», — деді Қ. Байытов.

Бұл ретте, 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін тұрғындардың көмір қажеттілігін 300 мың тоннаны құрайды. 2019-2020 жылдардағы қысқы жылыту маусымы кезеңінде көмірді жалпы тұтыну тұрғындар қажеттіліктері үшін 500 мың тоннаны құрайды. 

«Тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық секторды 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында қажетті әрі сапалы көмір көлемімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында», — деді Қ. Байытов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
06 Қаңтар 2021, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №932 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.