Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ

Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020, 15:14:59

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты түсініктеме берді.

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізуге тапсырма берген болатын.

Аталған тапсырманы қарау үшін Үкімет жанынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен 25 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды. 

Жұмыс тобының мүшелері жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, ықтимал сын-тегеуріндерді, халықаралық тәжірибені зерделеді, БЖЗҚ тұрақтылығы бойынша алдын ала актуарлық есептер назарға алынды.

Әзірленген тәсілдерді жұмыс тобы мүшелерінің көпшілігі қолдады, Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдады және «осы маңызды мәселені шешудегі алғашқы қадам» ретінде Мемлекет басшысының мақұлдауын алды.

«Бүгінгі таңда БЖЗҚ-да 1,4 млрд теңге жинақтар мен 9,9 млн зейнетақы шоттары бар. Өкінішке орай, оның 53%-ының көлемі 500 мың теңгеден аз соманы құрайды, 16%-ы – 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін, 15%-ы 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейінгі сома. Осылайша, салымшылардың 84%-ында жинақ көлемі 2 млн теңгеден аз», — деді Б. Нұрымбетов.

Осыны ескере отырып, Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіруді ұсынды. Ол үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет. Біріншіден — Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өте жас. Бар болғаны 21 жыл толды. Жалпы алғанда, дамыған елдерде зейнетақы жүйесін қалыптастыру үшін 35-40 жыл қажет. Екіншіден — халық табысының төмен деңгейі. Үшіншіден — зейнетақы жарналарының төленбеуі. Бүгінгі таңда шамамен 100 мың кәсіпкер өз қызметкерлері үшін зейнетақы жарналарын төлемейді. 2,7 млрд теңге қарыз бар. Төртіншіден — инвестициялық кірістер тиісінше ұлғайып жатқан жоқ. 

Жұмыс тобы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланудың бірнеше нұсқасын ұсынды.

Бірінші санат – тұрғын үй сатып алуға немесе қымбат емге (жеке тізбе бойынша) зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын беру ұсынылатын жұмыс істейтін азаматтар – бұл «жеткіліктілік шегінен» асатын зейнетақы жинақтары бар  БЖЗҚ салымшылары. 

Бұл ретте БЖЗҚ «жеткіліктілік шегін» әрбір жас үшін, ерлер мен әйелдер бойынша жеке есептеген. Жастау адамдардың жинақтауды жалғастыру үшін болашақ еңбек қызметінің кезеңі (зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін) неғұрлым ұзақ болатыны назарға алынды. БЖЗҚ ұсынған «жеткіліктілік шегі» жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тұрақты қатысып келетін орташа статистикалық салымшыда (яғни зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлеп отыратын адамда) жаңа жарналар мен инвестициялық табыс есебінен өмір бойғы төлемдерді қамтамасыз ету үшін қажетті сомаға дейін кейіннен толықтыруы арқылы жиналуға тиіс зейнетақы жинақтарының ең төменгі шегі болып табылады.  Салымшының жасы кіші болған сайын, «жеткіліктілік шегі» соғұрлым төмен болады.

Мысалы, 40 жастағы салымшы үшін (орташа еңбек өтілі 18-20 жылды құрайтын) жинақтаудың ең төменгі шегі: ерлер үшін 6,9 млн теңгені және әйелдер үшін 9,8 млн теңгені құрайды. 63 жастағы салымшы, яғни, зейнеткерлік жасқа жеткен адам үшін бұл шек ерлер үшін 8,2 млн теңгені және әйелдер үшін шамамен 10,1 млн теңгені құрайды.

Екінші санат – бұл зейнеткерлер, оларға тұрғын үй сатып алу немесе қымбат ем үшін өзінің зейнетақы жинақтарының 50%-ын пайдалану мүмкіндігі ұсынылады. Осы ретте міндетті шарт – жоғалған табысты 40%-дан төмен емес деңгейде алмастыруды қамтамасыз ететін зейнетақының (базалық, ынтымақты және жинақтаушы) мөлшері болып табылады, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

«Бұл ұсыныстар Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. Президент “бұл маңызды мәселені шешудегі алғашқы қадам” жасалғанын атап өтіп, осы мәселеге қатысты өз пікірін жеткізді. Біздің мақсатымыз – жинақтаушы зейнетақы қорынан барлық жинақтарды үлестіру емес, өйткені олар азаматтарымыздың қарттығын лайықты қамтамасыз ету үшін қажет. Мемлекет басшысы “көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыру мәселелері Ұлттық банк пен Үкіметтің басымдығында қалуы тиіс» екенін айтты», — деді Б. Нұрымбетов.

Жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі 2020-2024 жылдарға арналған Жол картасы әзірленуде. Президенттің тапсырмасы бойынша сондай-ақ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі берілетін азаматтар тобын біртіндеп кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Жұмыскердің пайдасына төленуге тиіс жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімі 2020 жылдан 2023 жылға ауыстырылды. Осылайша, Қазақстанда мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ жауапкершілігіне негізделген зейнетақы жүйесі құрылатын болады.

«Бүгінде мемлекет 2,2 млн адамға төлейді. Бұл шамамен 2,4 трлн теңге. Мемлекет жинақтаушы зейнетақы жүйесімен шығатын және инвестициялық табысы инфляциядан аспайтын адамдарға кепілдік төлейді. Қызметкердің өзі өз жалақысының 10% төлейді. Тұжырымдамада жұмыс берушілер де қызметкерлерге жинақтаушы зейнетақы қорына 5% жинақтаушы жарналар түрінде жауапкершілік алғаны айтылған. Заң қабылданды және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс еді. Алайда Президент өз Жолдауында бизнес-қауымдастықтың пікірі мен үндеулерін ескере отырып, заңның қабылдануын 2023 жылға ауыстырды», — деді Б. Нұрымбетов.

Жол картасының жобасында ең төменгі кепілдіктер жүйесін одан әрі жетілдіру (ең төменгі зейнетақы мөлшерін және басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштерді айқындау әдістемесін қоса алғанда) және ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны енгізу жөнінде ұсыныстар көзделген.

«Ең төменгі кепілді зейнетақыны енгізу де Зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасында жазылған. Бұл өте маңызды. 1998 жылдан бастап біз жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік. Бүгінгі күні мемлекет төлейтін ынтымақты немесе еңбек зейнетақысын 1998 жылғы қаңтарға дейін кемінде 6 ай жұмыс өтілін жинаған азаматтар алады. Мұндай адамдар жыл өткен сайын азаюда. Қазіргі таңда зейнетке 1957 жылы туылған ер азаматтар шығып жатыр және бүгінде олардың толық талап етілген өтілі, сәйкесінше, толық зейнетақысы жоқ», — деді Б. Нұрымбетов.

Осылайша, министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесінің ортақ құрамдас бөлігі біртіндеп тоқтатылады. 2043 жылы еңбек зейнетақысы тағайындалатын адамдар теориялық түрде болмайды. Тек базалық зейнетақы болады. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2028 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны енгізуді ұсынды. Ол бүгінгі базалық зейнетақы төлемін ауыстырады. Егер бүгінде 10 жылдан аз жұмыс өтілі бар адамдар үшін базалық зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құраса, тәжірибе ескеріледі. ҚР ЕХӘҚМ ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы 5 жылдан аз жұмыс өтілі бар адамдарға беріліп, ең төменгі күнкөріс деңгейінің кем дегенде 70%-ын құрауы керек екенін, әрі қарай 1,5 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтерілуін ұсынады.
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.