Б.Сағынтаев ОҚО жаңа әкімінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды

Түркия Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев ОҚО басшысы болып тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысының активіне өңірдің жаңа басшысын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев таныстырды.

Облыс активінің алдында сөз сөйлеген Б.Сағынтаев өңірдің  жаңа басшысының алдында Мемлекет басшысы қойған «Нұрлы жол» бағдарламасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру, бюджет қаражатын игеру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша бірқатар маңызды және нақты міндеттер тұрғанын баса айтты.

2015 жылғы тамыздан бастап Оңтүстік Қазақстан облысын Бейбіт Атамқұлов басқарған болатын.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу