ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ЖЭО-3 құрылысының барысын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ЖЭО-3 құрылысының барысын, отын-энергетика кешенінің нысандарын жаңғырту барысын тексерді.

ЖЭО-3 құрылыс алаңында Үкімет басшысына ЖЭО-3 құрылысының бірінші кезеңі қуаттылығы 480 Гкал/сағ болатын су жылытатын қазандық салуды қарастыратыны баяндалды.

Темір жол және автокөлік кіру жолдары салынды, әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимараттары салынды. Негізгі жабдықты автоматтандыру және электрлік бөлігін монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде нысанның даярлығы 70% құрайды.

ЖЭО-3 құрылысы таяу жылдары елорданың батыс бөлігінде жылуға деген артып келе жатқан сұранысты қамтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жеке өндіруші қуатты және Нұр-Сұлтан қаласындағы отын-энергетика кешенінің жылу көзін айтарлықтай ұлғайтады.

Құрылыс алаңында ҚР Премьер-Министріне әрекет етіп тұрған ЖЭО-1 және ЖЭО-2 энергия көздерін жаңғырту және газдандыру, энергия кешенінің алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы ақпарат берілді.

ҚР Үкіметінің басшысы елорданың отын-энергетика кешенінің нысандарын салу және жаңғырту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу