ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық православтарды Пасха мерекесімен құттықтады. 

«Қазақстанның православ христиандарын Жарылқаушы Христос мерекесімен құттықтаймын. Ұлы мереке Пасха тіршілік пен мейірімділіктің салтанатын, рақымдылықты, қайырымдылықты, рухани жаңғыруды білдіреді.  

Сенім адамдарды ізгілікке, игі амалдарға жетелейді. Қазақстанда Пасха - жасампаздық қуаты мол, православ христиандарын ғана емес, басқа діндердің өкілдерін де, тұтас халқымыздың басын қосып біріктіретін мейрамдардың бірі. 

Барлық қазақстандықтарға шын жүректен мықты денсаулық, төзім, жасымас жігер мен жақсылыққа сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін!».

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу