ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕҮАК кезектен тыс отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезектен тыс отырысына қатысты.

Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасына дайындық барысын, оның ішінде ЕАЭО ортақ нарығында газды тасымалдау қызметінің бағасын (тарифін) белгілеу тәсілдерін, халықаралық автокөлік тасымалдарын кезең-кезеңімен ырықтандыру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына нысаналы ықпал етудің икемді тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарады.  

Сонымен қатар отырысқа Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румас, Қырғызстан Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу