Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Samruk Business Forum» шарасына қатысты

Жұма, 28 Ақпан 2020, 12:24:58

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауар өндірушілерді қолдау тақырыбына арналған «Samruk Business Forum» пленарлық сессиясына қатысты. 

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ішкі нарықты отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен қамтамасыз етуге және “қарапайым заттар экономикасын” дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет алдына отандық тауар өндірушілерді қолдау мен дамыту жөнінде бірқатар нақты міндет қойды», — деді А. Мамин.  

Үкімет басшысы жыл сайын сатып алу көлемі 4 трлн теңгеден асатынын және бұл көлемді ішкі өндірісті дамыту мүддесінде тиімді пайдалану өте маңызды екенін атап өтті. 

«Самұрық-Қазына» қоры шағын және орта бизнесті дамыту үшін жоғары әлеуетке ие. Қордың әрбір дерлік еншілес компаниясы “зәкірлі”, ал кейде өз өңірі үшін қала құраушы кәсіпорын болып табылады», — деді А. Мамин. 

Отандық өндіріс пен импортты алмастыруды дамытудың тиімді драйвері ретінде оффтейк-келісімшарттар мен ұзақмерзімді шарттар тетігі құрылып, сәтті жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта инвестициялар көлемі 215 млрд теңгеден асатын, жаңа өндірістерді құру бойынша 27 оффтейк-келісімшарт мақұлданды, шамамен 2 мың жұмыс орны құрылатын болады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің осындай шарттарды тұрақты кепіл ретінде тануы бойынша жұмыс жүргізуде, бұл аталған жобаларды қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.

«Самұрық-Қазына» қоры 1350-ден астам тауарлық позиция бойынша пулды анықтады, ол импортты алмастыруға қатысты бизнестің бастамаларының “жаңа толқынына” айналуы тиіс. Бүгінгі күннің өзінде жұмыс істеп тұрған 180 кәсіпорын инвестициялық жобаларды әзірлеп, іске асыруға зор қызығушылық танытты», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр жобаларды, сондай-ақ бизнестің жаңа жұмыс орындарын ашу, жергіліктендіруді арттыру және сапалы өнім шығару түріндегі қарсы міндеттемелерді қабылдауға әзірлігін жан-жақты пысықтау қажеттігін атап өтті. 

А. Мамин Қордың жүйе құраушы компанияларының сатып алулары аясында «Самұрық-Қазына»-ның моноқалаларды дамыту бойынша жұмыстарды бастағанын атап өтті. 

«Мысалы, тек Жаңаөзен қаласы бойынша бұл бастама аясында 230 млрд теңге сомасына сатып алуларды өткізу жоспарланған. Бұл өңірдің экономикалық дамуы үшін қосымша серпін береді», — деді Үкімет басшысы.

А. Мамин «Самұрық-Қазына» қорының «қарапайым заттар экономикасын» іске асыруға белсене қатысатынын атап өтті. Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын пайдаланудың маңыздылығын айтты. 

«Самұрық-Қазына»-ның сәтті тәжірибесі реттелетін барлық сатып алуларда, оның ішінде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында мысал ретінде таралуы тиіс. Олардың жиынтық көлемі аса ауқымды және 15 трлн теңге көлемінде бағаланады», — деді А. Мамин. 

Премьер-Министр цифрлық технологиялар, машина жасау, химия, жиһаз, тоқыма, аяқ киім, өнеркәсіп, электр энергетикасы мен мұнай-газ жабдықтары салаларындағы отандық тауар өндірушілердің өнімдері көрмесімен, сондай-ақ имопорт алмастыруды одан әрі дамыту әлеуетімен танысты. 

Шараға 900-ге жуық адам — «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы А. Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, ұлттық компаниялар басшылары мен қазақстандық бизнес өкілдері қатысты.

Форум аясында «Самұрық-Қазына» қоры, оның еншілес компаниялары мен отандық тауар өндірушілер арасында жалпы сомасы 35 млрд теңгеге жуық болатын оффтейк-келісімшарттары жасалды, сондай-ақ «Үздік сервистік компания», «Сенімді жеткізуші» және т. б. аталымдар бойынша жетекші отандық компанияларды марапаттау салтанаты өтті. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.