ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қоянды су қоймасы аумағында «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.

Экологиялық акция қатысушыларына сөзін арнаған ҚР Үкіметінің басшысы барлық өңірлердің әкімдерін, экологиялық белсенділерді, жастар ұйымдары мен еріктілерді осы бастаманы қолдауға шақырды.

 

 «Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин.

Акцияға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде ҚР Үкіметінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Ақмола облысының әкімі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер бар.

Акция қатысушылары су қоймасы жағалауы аумағын қоқыстан тазартып, қоқыс жинайтын арнайы бактар қойды. Сары контейнерлерге өңдеуге болатын қалдықтар жиналса, жасыл жәшіктерге өңделмейтін қоқыстар салынды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу