Премьер-Министр К.Мәсімов ХВҚ басқарушы директоры К.Лагардпен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізді.

Тараптар ақша-несие саясатын, құрылымдық реформалар өткізуді жетілдіру саласындағы, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуының орташа мерзімді перспективалары мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

«Сізге және Сіздің мамандарыңыздан құралған командаға ынтымақтастық, техникалық қолдау және ұсыныстар үшін алғыс айтамын», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі сыртқы жағымсыз факторларды жұмсартуға бар күш-жігерін салып жатқанын баса айтып, елдің тұрақты дамуына бағытталған институционалдық реформалар аясындағы Үкімет жүзеге асырып жатқан шаралар жайлы мәлімдеді.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов ХВҚ мүшелеріне Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Астана Халықаралық қаржы орталығын құру туралы идеясын таныстырды.

Өз кезегінде К.Лагард Қазақстан «Ұлттық қор құрып, дұрыс жасады. Бұл талықсытпаның бір бөлігін жеңілдету үшін ақша-несие саясатында епті тәсілге мүмкіндік береді» деді.

Кристин Лагард жылы қабылдап, ХВҚ аймақтық конференциясына қатысуға шақырғаны үшін алғысын айтты.

«Бұл керемет бастама деп есептеймін. Меніңше, оны пайдалы форумға айналдыруға болады, ол жерде қаржы министрлері аймақтық деңгейде бір-бірімен сұхбаттаса алар еді», - деп атап өтті ХВҚ басшысы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу