Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Сейсенбі, 30 Сәуір 2019, 10:41:00

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин Ереван қаласында (Армения) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Сонымен қатар, отырысқа Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Армения Премьер-Министрі Н. Пашинян, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты.   

Үкіметаралық кеңес отырысының күн тәртібінде Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара сауда-саттықты кеңейту, сондай-ақ ЕАЭО ішкі нарығы аясындағы кедергілерді жоюға қатысты 13 мәселе қаралды.

Шағын құрамда үкімет басшылары Одақты дамытудың бірқатар тұжырымдамалық мәселелері жөнінде пікір алмасты. ЕАЭО цифрлық трансформациялау аясында трансшекаралық өзара іс-қимылды тереңдету, қатысушы елдер арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайту саласындағы ынтымақтастық, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру тетіктері талқыланды.

Кеңейтілген келіссөздер «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша сыртқы экономикалық қызметті реттеуді жетілдіру мәселелеріне, ЕАЭО саудасының цифрлық экожүйесін дамытуға жағдай жасау, өнеркәсіптік кооперацияны және технологиялар трансферін дамыту, экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті одан әрі ұлғайту мәселелеріне арналды.

Тараптар 2018 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң қарқынын атап өтті. Одақ елдерінің ЖІӨ өсімі 2,5%, өнеркәсіптік өндіріс өсімі 3,1% құрады. ЕАЭО-да өткен жылы өзара сауда көлемі 9,2% өсті, сыртқы саудада да осындай үрдіс байқалады, онда жыл қорытындысы бойынша өсім 18,8% құрады.

Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин өз сөзінде әлемдік экономиканың құбылып тұрған шағында дамудың оң қарқынын сақтау үшін барлық күш-жігер салу қажеттігін атап өтті. Бүгінде Одаққа қатысушы барлық елдермен өзара саудадағы кедергілерді жою үшін белсенді бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, жаңа кедергілер байқалуда, бұл өз кезегінде бұдан да тығыз экономикалық қатынастарды дамытудың индикаторы болып табылады.

«Бізге қарқынымызды төмендетпеу керек», — деді Асқар Мамин. — Қазіргі кедергілерді жою өзара сауда көлемін ұлғайтып, елдер арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді».

Қазақстандық тарап ЕАЭО аясында сәйкестендіру құралдары арқылы тауарларды таңбалау бойынша интеграциялық ынтымақтастық мәселелерін реттеуді жетілдіру қажеттігіне, транзиттік тасымалдарды қадағалау жүйесін енгізуге, кедендік әкімшілендіруді күшейтуге, цифрлық сауданы дамытуға, Одақтың деректер транзиті саласындағы транзиттік әлеуетін арттыруға назар аударды.

«Өзара пайда, ымыраға келу және барлық тараптардың мүдделерін ескеретін тиімді шешімдер шығару қағидаттарының негізінде өзара қарым-қатынастарымызды қалыптастыру ЕАЭО одан әрі нығайтуға белсене ықпалын тигізетін болады», — деді Асқар Мамин. — 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытуда біз үшін басты шарт — экономикалық құрауышының болуы».

Отырыс қорытындысы бойынша «Еуразиялық өнеркәсіп кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі» жобасын іске асыру туралы, Одақтың ішкі нарығының жұмысы аясында кедергілерді жою бойынша жұмыстар барысы туралы, ЕАЭО-та цифрлық сауда экожүйесін дамыту үшін жағдайлар жасау туралы, сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» ұлттық тетігінің эталондық үлгісін сипаттау туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы биыл 9 тамызда Шолпан ата қаласында (Қырғызстан Республикасы) өтеді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.