Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР жаңа мәдениет және спорт министрін таныстырды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР жаңа мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы таныстырды.

Үкімет басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына мәдениет, спорт, туризм салаларының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы – тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде бес жыл ішінде қарқынды жұмыс істеп, осы саланың өзекті мәселелерін шешуге қатысты нәтижелі жұмыстарды атқарды», — деді Асқар Мамин.   

Өз кезегінде, А. Мұхамедиұлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа туризм, мәдениет және спорт салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудағы өзіне артылған сенім мен көрсеткен қолдауларына алғысын жеткізді.  

Асқар Мамин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында Ақтоты Райымқұлованың аталған саладағы жоғары біліктілігін атап өтіп, ведомство алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тіледі. А. Райымқұлова Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымында 6 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді, 2016 жылғы қазаннан бастап вице-министр қызметін атқарған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу