Банкроттық туралы заңға түзетулер кәсіпорындардың дағдарыстан шығуының жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді

Банкроттық туралы заңға енгізілген түзетулер кәсіпорындардың дағдарыстан шығуының жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК Салықтық бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев.

Е.Нұрланбаевтың мәлемдеуінше, Ұлт жоспары аясында «Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Ол заң кәсіпорындардың дағдарыстан шығуының, сондай-ақ банкрот деп танылғаннан кейін де оларды дағдарыстан шығарудың жаңа жолдарын анықтады. 

«Заңның негізгі бағыттарының бірі төлеу қабілетсіздігін реттеу болып табылады. Егер кәсіпорынның қарыздары  болса, оған банкроттыққа ұшырау міндетті емес. Заң борышкер несие берушілермен қалай әрі қай уақытта қарыздарын төлей алатындығы туралы келісімге келуіне мүмкіндік береді. Бұл үшін оған 2 ай уақыт беріледі. Сонымен бірге, тұрақсыздық айыбы есептелмейді және ешкім банкроттыққа бере алмайды. Келісім сотпен бекітіліп, қарыздар өзінің  күнделікті қызметіне қайта оралады. Несие берушілерге төлем кестеге сәйкес жүргізіледі», - деп баса айтты Е.Нұрланбаев.    

Оның сөзіне тоқталсақ, заңның өзге бір бағыты  банкроттықтан оңалтуға өту болып табылады.

«Борышкер кәсіпорынның иесі өз бизнесін дағдарыстан шығарып алуға мүмкіндік алып, бірақ бұл кезде банкроттық механизмі іске қосылып кеткен жағдайлар болады. Қабылданған заң банкроттықтан оңалтуға өтуге мүмкіндік береді. Ол үшін оңалту жоспарын әзірлеп, оны барлық несие берушілермен бекітіп, сотқа жіберу керек. Әзірленген жоспар негізінде соттың оңалтуды қолданған күнінен бастап, банкроттық рәсімі тоқтатылады», - деді Е.Нұрланбаев.

Бұдан өзге, заң борышкерге банкроттықтың кез-келген сатысында барлық несие берушілермен бітімгершілік келісімге келуге мүмкіндік береді.

«Міндетті шарт: еңбекақы бойынша қарыздардың барлығы алдын-ала төленген болуы керек. Сот бітімгершілік келісімді бекіткеннен кейін, соттың борышкерді банкрот деп тануы туралы келісімі орындауға жатпайды», - деп түсіндіріп өтті ол.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу