Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс реконструкцияланады — М. Мырзағалиев

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасын таныстырды. 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмасына және ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасына сәйкес Су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді.

М. Мырзағалиев атап өткендей, елдің жыл сайынғы жерүсті су қоры 100 км3 аса көлемді құрайды, оның 46 км3 Қазақстаннан тыс жерлерде қалыптасады.

Жерасты суларының барланған қоры — 15 км³/год.

«Жалпы 100 км3 судың 50 км3 экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қажет. 24 км3 жуығы экономикада қолданылады, оның ішінде, 16 км3  – ауыл шаруашылығында, 7 км3 – өнеркәсіпте, және 1 км3 шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылады», — деді министр.

Дүниежүзілік ресурстар институтының бағалауы бойынша, Орталық Азия елдері су тапшылығы жоғары елдердің қатарына жатады, ал Қазақстан орташа-жоғары су тапшылығы бар елдердің қатарына кіреді.

Сумен қамтамасыз етудің негізгі проблемаларын келесі 3 топқа бөлуге болады:

1. Ел тұрғындары үшін:

- сапалы ауыз сумен қамтылуы;

- вегетациялық мезгілде суармалы судың жеткіліксіздігі, әсіресе оңтүстік аймақтарда;

2. Қоршаған орта үшін:

- экологиялық тепе-теңдікті сақтау (Арал, Балқаш, Жайық);

- экологиялық жағдайдың көрші мемлекеттер (ОА, ҚХР, РФ) жүргізетін су саясатына тәуелділігі және су объектілерінің ластануы;

- су ресурстарын үнемсіз пайдалану нәтижесінен су объектілерінің сарқылуы.

3. Елдің экономикасы үшін:

- су шаруашылығы инфрақұрылымының тозуы;

- тасқын сулардан және судың тапшылығынан қорғалмауы;

- өнеркәсіптегі су рецеркуляциясының төмен көлемі.

Елдегі барлық каналдардың 18 мың шақырымы жөндеуді қажет етеді, өйткені оның 80%-ы - тозған.

«Ескірген инфрақұрылым және соның салдарынан болатын судың ысыраппен пайдалануы, сапалы судың тапшылығы, тариф есептеуде қолданатын тетіктін әлсіздігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, көршілес мемлекеттермен су бөлу мәселелері - қазіргі су саласындағы аса өзекті мәселелер. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет. Осы мәселе бойынша Елбасы мен Мемлекет басшысының тиісті тапсырмалары бар», — деді М. Мырзағалиев.

Бағдарлама жобасының мақсаты – елдің тұрақты дамуы үшін су ресурстарымен кепілдендірілген қамтамасыз ету, су нысандарын халықтың тұрмыс-тіршілігі мен елдің экономикасында экологиялық тепе-теңдікті  қамтамасыз ететін күйде сақтау және қалпына келтіру. 

Бүгінгі күні бағдарламаның негізгі 7 нысаналы индикаторы анықталған:

  1. Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2030 жылда күтіліп отырған су тапшылығын бағдарлама іс-шараларымен шешіп, жер үсті суларының қазіргі деңгейін (100 км3) сақтап қалу: 7 кмᶟ көлеміне дейін жаңа су қоймаларын салу; суды үнемдеу көрсеткішін 5 кмᶟ дейін жеткізу; 15 кмᶟ көлеміне дейін жер асты суларын пайдалану.

  2. ЖІӨ бірлігіне қажетті су көлемін $91,2-ден 73$73 мᶟ/мыңға дейін төмендету;

  3. 26 жаңа гидротехникалық құрылымдарын салу;

  4. Қолданыстағы 182 республикалық меншіктегі, 300 коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылымдарды қайта жаңғырту;

  5. Суармалы жерлердің көлемін 1,7 млн гектардан 3 млн гектарға жеткізу үшін жаңа ирригациалық жүйелердің құрылысын салу; қапталған магистралды және бөлу каналдарының ұзындығын 3,4 мың шақырымнан 19 мың шақырымға дейін ұлғайту;

  6. Бассейіндік инспекциялардың материалдық-техникалық базасын 100%-ға жеткізу;

  7. Су жинау алаңдарындағы орманды бөліктерін 1 мың гектардан 200 мың гектарға дейін жеткізу.

Сөз соңында М. Мырзағалиев тұжырымдаманың ғалымдармен, қоғам өкілдерімен және су шаруашылығы саласындағы мамандармен әзірленіп, талқыланғанын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу