Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.   

Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін  Үкімет пен «Nur Otan» партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу