Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

Сейсенбі, 04 Ақпан 2020, 15:54:27

Дүйсенбі күні, 3 ақпанда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев министрліктердің басшылары мен облыстар әкімдіктерінің қатысуымен әлеуметтік салада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесті аша отырып, вице-премьер экономика мен саланы дамыту үшін тек бюджеттік инвестицияларды тартып қоймай, жеке инвестицияларды тарту қажет болғандықтан ел басшылығы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«2016-2019 жылдары әкімдіктер жалпы сомасы 61 млрд теңгеге МЖӘ жобаларын іске асыруға 140 шарт жасады. Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласында бірде-бір шарт жасалмаған. Солтүстік Қазақстан облысында, Маңғыстау облысында бір-бір жобадан қол қойылды», — деп атап өтті ол.

Вице-премьер өңірлердің онкологиялық қызметтер мен қан айналым жүйесінің аурулары қызметтерінің медициналық жабдықтарын МЖӘ бойынша сатып алуда артта қалып қоюын атап көрсетті.

«Президент Қ. Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау мен білім беру саласында МЖӘ-ні іске асыру нашар жүргізіліп жатқанын атап өткен болатын. Білім және ғылым министрлігінің МЖӘ мәселелерін түсіну бойынша нақты пайымы жоқ, жүйелі жұмыс жолға қойылмаған. Қазақстандық МЖӘ орталығы мен БҒМ жобалары бойынша деректердің елеулі айырмашылығы бар», — деді ол.

Сонымен, вице-премьердің айтуы бойынша кейбір өңірлер МЖӘ-нің кіші түрлері бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жобаларды береді. Атырау, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында білім беру жүйесіне инвесторлардың қаражаты тартылмаған. Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында Бес әлеуметтік бастаманың шеңберінде жатақханалардың құрылысы созылуда.

Ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы әкімдерінің орынбасарлары баяндап берді.

Кеңесті қорытындылай отырып, Бердібек Сапарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне Ұлттық экономика министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, олардың нақты тізбесімен және ай сайынғы іске асыру мерзімдерімен МЖӘ-нің жоспарланып отырған жобаларының кестесін қалыптастыруды, онлайн режимде бақылауды тапсырды. 

«Бүгін министрліктер әсіресе жергілікті жерде іске асырылатын МЖӘ жобаларының бюджеттік тиімділігін талдамайды. Біз "саннан-сапаға" өтуіміз керек. Мемлекет өз бетінше пайда таба алатын жобаларды басымды етуі тиіс», — деп нақтылады Б. Сапарбаев.

Сонымен бірге қаражатты пайдалану және құрылыстардың үлгілік жобаларын пайдалану тиімділігіне баса назар аударды.

Одан басқа, кеңесте әлеуметтік саладағы объектілерді жекешелендіру, оларды сенімгерлік басқаруға беру және байқау кеңестерін құру мәселелері қаралды.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Қазан 2020, 17:47
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:32
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:16
Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
01 Қазан 2020, 16:59
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды
01 Қазан 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады
30 Қыркүйек 2020, 18:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАДБ басшысы Н. Подгузовпен Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
30 Қыркүйек 2020, 18:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшілері мен тұрақты өкілдерін тағайындады
30 Қыркүйек 2020, 15:41
Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді
30 Қыркүйек 2020, 15:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.09.2020
30 Қыркүйек 2020, 14:53
Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы дебиторлық қарызы 17 млрд теңгені құрайды — Б. Атамқұлов
30 Қыркүйек 2020, 13:15
Қазақстанда заңсыз айналымнан 98,2 мың медициналық препарат пен жарты миллионға жуық медициналық маска алынды — ҚР ІІМ
30 Қыркүйек 2020, 12:22
Қазақстанда халықтың интернет сапасын бақылауына арналған сервис іске қосылды
30 Қыркүйек 2020, 11:32
Денсаулық сақтау министрлігі 5 қазаннан басқа елдермен қосымша әуе қатынасын қайта жаңғыртуды тоқтатуды ұсынды
30 Қыркүйек 2020, 10:59
33 қазақстандық фармкомпания 922 атаумен дәрілік препарат шығарады — ҚР ИИДМ
30 Қыркүйек 2020, 10:44
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 99%-ына кең жолақты интернет қолжетімді болады – А. Мамин
30 Қыркүйек 2020, 10:20
4 мыңнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді — «СҚ-Фармация» ЖШС
30 Қыркүйек 2020, 10:17
Үкімет өңірлердің жылыту маусымына дайындығын қарастырды 
30 Қыркүйек 2020, 09:59
А. Мамин санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100% әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.