Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Үкіметінде оқушылардың сабақтан тыс уақытта іспен шұғылдануын және бос уақытын өткізуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Сейсенбі, 01 Қазан 2019, 11:08:22

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев білім және әлеуметтік-мәдени салаға қатысты түрлі мәселелер жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңеске ҚР білім және ғылым, мәдениет және спорт, ішкі істер, сыртқы істер, қаржы, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері қатысты. Бейнеконференция байланысы режимінде балалар құқығы жөніндегі уәкілетті Аружан Саин, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 

Күн тәртібінде мектеп оқушыларының сабақтан тыс, каникул кезінде және демалыс күндері іспен шұғылдануын және бос уақытын өткізуін ұйымдастыру мақсатында жұмыс істеп тұрған мәдениет, спорт, білім нысандарын пайдалану мәселесі қаралды. 

Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, еліміздегі мектептердің 86%-ы спорт және акт залдарымен қамтамасыз етілген. Мектептерде 39 440 спорт секциялары бар, оларға 1 млн 150 мың бала қатысады. БҒМ, МСМ және әкімдіктердің білім беру, мәдениет және спорт нысандарын балалардың бос уақытын өткізуін қамтамасыз ету мақсатында ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі бірлескен бұйрығы әзірленген. 

«Қолда бар инфрақұрылымның қолжетімділігі мен тиімді пайдаланылуын ұйымдастыру қажет. Жыл сайын елімізде жүздеген жаңа нысандар: спорттық ғимараттар, музейлер, театрлар салынады. Әрбір мектепте дерлік спорт және акт залдары бар, оларды сабақтан бос уақытта барынша пайдаланып, қолжетімді секциялар мен үйірмелер ұйымдастыру керек. Мұның барлығы жас ұрпақтың рухани, адамгершілік тәрбиесіне, сауықтырылуына, шығармашылық және әлеуметтік тұрғыда өз қабілеттерін жүзеге асыруына ықпалын тигізетін болады», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар кеңесте еліміздің өңірлерінде спорт инфрақұрылымдарына қажеттілігі зор өңірлерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу барысы талқыланды. 

Елбасы тиісті тапсырманы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында берді. Оны іске асыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі салу жоспарланған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің тізімін әзірледі, оған сәйкес 2019 жылы 22 нысанды, 2020 жылы 37-сін, 2021 жылы 41 нысанды пайдалануға беру көзделген. 

Бұдан өзге, кеңес қатысушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуге дайындық мәселелерін, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасын қорының «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын іске асыру, сондай-ақ, мектептерді полиция учаскелік инспекторларымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. 

Кеңес қорытындысын шығара отырып, вице-премьер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері төңірегінде ведомствоаралық кооперацияның қажет екенін атап өтті. 

«Бейінді органдар арасында тиісті өзара іс-қимыл жоқ. Мектеп және учаскелік инспекторлар, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен педагогтар тығыз ынтымақтастықта жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды анықтап, олармен жұмыс жасауы тиіс. Сонымен бірге жауапкершілік тек мектепке жүктелмейді. Біріншіден, баланы тәрбиелеу – бұл ата-ананың міндеті және жауапкершілігі», — деп қорытындылады Б. Сапарбаев.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.