Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикалық өсудің оң динамикасын сақтай білді – Н.Назарбаев

Қазіргі қиын жағдайда Қазақстан уақытылы өзекті шешімдерді қабылдады, экономикалық өсудің оң динамикасын сақтай білді, деп ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Қазіргі қиын жағдайда Қазақстан уақытылы өзекті шешімдерді қабылдады, экономикалық өсудің оң динамикасын сақтай білді. Мемлекеттік қолдау есебінен инвестициялық өзектілікті сақтай білдік. Сонымен қатар, жаңа шындық жағдайында даму бойынша алдағы болатын қадамдарды осы жылдың аяғына дейін және келесі жылы анықтауымыз керек. Қазір 2016 жылдың бюджеті қаралады. Сонымен бірге, біз келесі үш жылға арналған бюджетті бекітеміз. Үкіметке бекітуге барғанға дейін оны баршамаыз бірге талқылауымыз керек»,-деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа ағымдағы экономикалық жағдай туралы есеп беруге сұрады, ал бюджеттің орындалуы туралы мәселе туралы ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов, ақша-несие саясатының мәселелері бойынша Ұлттық банк өкілі Данияр Әкішев есеп беретін болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу