Н.Ермекбаев: ҚР православ шіркеуі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына зор үлес қосып келеді

Астанада ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында тараптар мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы туралы өзекті мәселелерді талқылады.

Н.Ермекбаев өз сөзінде Қазақстан православ шіркеуінің қоғамымызда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына қосқан үлесінің маңыздылығын, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы жемісті үнқатысуды дамыту жайлы атап өтті.  

Сонымен қоса, министр қоғамның руханиятын арттыру, елге, халыққа деген сүйіспеншілікке, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелейтін шынайы рухани құндылықтарды түсіндіру, сондай-ақ халықтың бойында дін атын жамылған радикалды идеологияларға қарсы тұратын иммунитетті қалыптастыру Қазақстандағы діни бірлестіктердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынына тоқталып өтті.

Кездесу барысында діни қатынастар субъектілерінің барлығы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын сақтауы маңызды екендігіне баса назар аударылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу