Н.Нығматулин Парламенттің алтыншы шақырылымы жұмысының аралық қорытындысын шығарды

Бүгін Қазақстан Парламенті VI шақырылымының бірінші сессиясының жұмысы аяқталады, онда Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин оның жұмысының қорытындысын шығарды.

«Осы уақыт аралығында Парламент қарауында 42 заң жобасы болды, оның ішінде 18-і - өткен шақырылымнан ауысқаны, 24-і – ағымдағы сессия кезінде келіп түскені. Жеті заң жобасына депутаттардың өздері бастамашы болған. Сессия соңына Мәжіліс 13 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа бағыттады, Парламент 12 заңды қабылдады. Парламент қабылдаған заңдардың 4-уіне бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті қол қойып, заңды күшіне енді», - деді Н. Нығматулин.

Спикер алтыншы шақырылым жұмысының басынан бері палаталардың 3 бірлескен отырысы өткізілгенін айтып өтті. Мәжілісте 12 пленарлық отырыс, тұрақты комитеттердің 109 отырысы, заң жобалары бойынша жұмыс топтарының 160 отырысы өтті.  

Парламенттің қос палаталарының депутаттары Үкімет пен басқа да орталық мемлекеттік органдарға 115 депутаттық сауал жолдады.   

«Мәселелер тақырыптардың кең ауқымына қатысты болды: экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту және қаржы, банк жүйесі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өңірді дамыту, қорғаныс, құқық қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да елді дамытудағы аса маңызды мәселелер», - деп баса айтты Н. Нығматулин.

Бірінші сессия барысында депутаттарға азаматтардың 2 935 өтінімі келіп түсті, олар бекітілген тәртіпке сәйкес қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу