Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ұлттық банк экономиканың басым салаларын Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске асыруда банктердің белсенділігін атады

Дүйсенбі, 14 Қазан 2019, 14:37:18

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырыс барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев а.ж. 9 айдың қорытындысы бойынша қаржы нарығындағы ахуал тұрақты екенін баяндады. 

Инфляция 4-6% таргеттелетін дәлізде қалыптасуда. А.ж. қыркүйекте жылдық инфляция 5,3%-ға дейін баяулады, алдыңғы айда ол 5,5% болды. Азық-түлік тауарларына бағаның өсуінің инфляцияда үлесі басым, ол 2017 жылдың басынан бері ең жоғары 9,1% мәніне жетті. 

«Ет бағасы 13,5%-ға, нан-тоқаш өнімдері мен жарма 12,7%-ға өсті. Олардың инфляцияға үлесі 1 п.т. құрады. Бұл тауарлар әлемдік бағаның және экспорт көлемінің өсуі аясында қымбаттады», — деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасы инфляцияны тежеуге ықпал етуде. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі 5,4% құрады, бұл 2015 жылғы қазаннан бері минимум болып табылады. Жылдық мәнінде бензин бағасының төмендеуі 4,8%-ды, қатты отын бойынша 3,5%-ды құрады. Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 0,7%-ға өсті, бұл реттелетін қызметтерге тарифтердің 8,2%-ға төмендеуімен байланысты.

«Біздің есептеуіміз бойынша, жыл қорытындысы бойынша инфляция белгіленген дәлізде қалады және 5,7-5,8% деңгейде қалыптасады. Бюджеттік шығыстармен нығайтылатын тұтынушылық сұраныс негізгі проинфляциялық фактор болады», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Инфляцияның нысаналы дәлізден тыс шығу тәуекелін болдырмау үшін а.ж. 9 қыркүйекте ҚР Ұлттық банкінің базалық ставкасы 9,25%-ға дейін көтерілді және пайыздық дәлізі сақталды. Шығарылатын ноттардың мерзімдері ұзарып, көлемі азаюда. 6-12 айлық айналыс мерзімі бар ноттар мамырдың соңындағы 43%-бен салыстырғанда қыркүйектің соңында 78% болды. А.ж. мамыр-қыркүйек айларында айналыстағы ноттар көлемі 33,3%-ға 4,3 трлн теңгеден 2,9 трлн теңгеге дейін төмендеді. Биылғы жылғы ақпандағы ең көп мәннен төмендеу 40%-ға жуық болды.

Қыркүйекте ішкі валюта нарығындағы жағдай мұнай нарығының қысымында болды. 16 қыркүйекте мұнай бағасы бір баррелі үшін $69-ға күрт өскеннен кейін ол 2 қазанда бір баррелі үшін $57,7-ға дейін төмендеді. 10 қазанда мұнай бағасы бір баррелі үшін $59,1 болды.

Е. Досаев атап өткендей, нәтижесінде айырбастау бағамы қыркүйектің басы – 11 қазан аралығында 1$ үшін 385,27–390,12 теңге шегінде өзгерді. Әлсіреу бұл кезеңде 0,5% болды. А.ж. 11 қазанда теңге бағамы 1$ үшін 389,51 теңге болып, жыл басынан бері 1,4%-ға әлсіреді.

«Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері а.ж. 1 қазанда алдын ала деректер бойынша $28,8 млрд болды. Жыл басынан бері олар 6,8%-ға немесе $2,1 млрд банктермен валюталық свопты өтеу және шетел валютасында клиенттердің шоттарынан шетелге әкетілу нәтижесінде төмендеді. Қыркүйекте алтынвалюта резервтері 2,1%-ға ұлғайды. Оған Үкіметтің еурооблигацияларды шығарудан шетел валютасының түсуі, банктердің Ұлттық Банктегі валюталық салымдарының өсуі және алтынды сатып алуы себеп болды», — деп түсіндірді Е.Досаев.

Депозиттердің көлемі тамыздың соңында 17,5 трлн теңгеге дейін 5,5%-ға төмендеп, жыл басындағы деңгейден төмен қалыптасуда. Бұл І тоқсанда банктерді қалыпқа келтіру іс-шараларымен байланысты. Сәуір-тамызда депозиттердің өсуі 1,9% немесе 327 млрд теңгені құрады.

Сонымен қоса, шетел валютасындағы салымдарды теңгемен салымдарға ауыстыру жалғасуда. Биыл 8 айда ұлттық валютамен салымдар 3%-ға өсті. Ал валюталық депозиттер 14,5%-ға төмендеді. Нәтижесінде, депозиттерді долларландыру деңгейі жыл басындағы 48,4%-дан а.ж. тамыз айының қорытындысы бойынша 43,8%-ға дейін төмендеді. 

 Биылғы сәуір-тамызда банк секторының несие қоржыны 13,2 трлн теңгеге дейін, 6,0%-ға немесе 750,9 млрд теңгеге өсті.

«Экономиканың басым салаларын 600 млрд теңге сомаға жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асыруда банктердің белсенділігін атап өткім келеді. 11 қазандағы жағдай бойынша банктерде 236,7 млрд теңгеге 347 жоба қаралуда, 130,0 млрд теңгеге 181 жоба мақұлданды, 43,2 млрд теңгеге 118 қарыз берілді», — деді Е. Досаев.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9 873 отбасы 113,8 млрд теңге сомаға қарыз алды. Бағдарлама бір жылда банктердің ипотекалық портфелінің 33,3%-ға 1,6 трлн теңгеге дейін өсуіне ықпал етті.

А.ж. 9 айдағы мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтып берді. Оның айтуынша, осы кезеңде жеңіл, жиһаз және тамақ өнеркәсібі тәрізді бағыттар бойынша, сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде құрылыс материалдары бойынша оң өсу динамикасы байқалып отыр. 1 шілдедегі жағдай бойынша көрсеткіш 2% құрады, қазір бұл сан үш ай ішінде 18%-ға ұлғайып, 20%-ға тең болды. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Қазан 2020, 17:47
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:32
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:16
Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
01 Қазан 2020, 16:59
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды
01 Қазан 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады
30 Қыркүйек 2020, 18:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАДБ басшысы Н. Подгузовпен Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
30 Қыркүйек 2020, 18:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшілері мен тұрақты өкілдерін тағайындады
30 Қыркүйек 2020, 15:41
Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді
30 Қыркүйек 2020, 15:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.09.2020
30 Қыркүйек 2020, 14:53
Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы дебиторлық қарызы 17 млрд теңгені құрайды — Б. Атамқұлов
30 Қыркүйек 2020, 13:15
Қазақстанда заңсыз айналымнан 98,2 мың медициналық препарат пен жарты миллионға жуық медициналық маска алынды — ҚР ІІМ
30 Қыркүйек 2020, 12:22
Қазақстанда халықтың интернет сапасын бақылауына арналған сервис іске қосылды
30 Қыркүйек 2020, 11:32
Денсаулық сақтау министрлігі 5 қазаннан басқа елдермен қосымша әуе қатынасын қайта жаңғыртуды тоқтатуды ұсынды
30 Қыркүйек 2020, 10:59
33 қазақстандық фармкомпания 922 атаумен дәрілік препарат шығарады — ҚР ИИДМ
30 Қыркүйек 2020, 10:44
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 99%-ына кең жолақты интернет қолжетімді болады – А. Мамин
30 Қыркүйек 2020, 10:20
4 мыңнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді — «СҚ-Фармация» ЖШС
30 Қыркүйек 2020, 10:17
Үкімет өңірлердің жылыту маусымына дайындығын қарастырды 
30 Қыркүйек 2020, 09:59
А. Мамин санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100% әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.