Үкімет отырысында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қаралады

Ертең, 20 қыркүйекте, Үкімет Үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режімде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Үкімет отырысында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қаралады, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының ағымдағы жылғы 9 айдағы іске асырылу қорытындысы жасалады, сондай-ақ еліміздегі астық жинау жұмыстары және жылыту маусымына дайындық барысы талқыланады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан көріңіздер.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу