07 Қараша 2016, 09:28
Ертең, 8 қарашада, 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, сондай-ақ еліміздегі бәсекелестікті дамыту мәселелері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаймыз.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу