6 желтоқсанда Үкімет отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері қаралады

Ертең, 6 желтоқсанда, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын талқылау, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері, сондай-ақ жекешелендірудің жүргізілу және мүлікті заңдастыру акциясының барысы.     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу