5 қазанда Үкімет отырысында «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланады

Ертең, 5 қазанда, 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын қарау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-көрсетілімін primeminister.kz сайтынан көріңіздер.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін  хабарлаймыз.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу