14 қарашада Үкімет отырысында елдегі ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері қарастырылады

14 қарашада, сағат 10:00-де Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – елдегі ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері, инвестициялар тарту, сонымен қатар Универсиада-2017-ге дайындық барысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу