Білім саласын жетілдіру жан-жақты қолдауға ие болуы тиіс - Серік Ахметов

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында білім және ғылым саласындағы басымдықты бағыттар қаралды.

С.Ахметов талқыланған тақырыптың Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқын көрсеткен, білім мен ғылым деңгейін әлемдік стандарттарға жақындату міндеті контексіндегі маңыздылығын атап өтті. 

Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мектепке дейін және мектеп қабырғасында оқыту, техникалық және кәсіптік білім берудің жүйелі міндеттеріне тоқталып, тұтастай алғанда білім беру процесін одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы хабарлады.

Министрдің айтуынша, «Балапан» бағдарламасының арқасында мектепке дейінгі оқытуға 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы екі есе артып, 36 дан 71,5%-ға жеткен. «Мектепке дейінгі мекемелер саны 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейіп 8,7 мыңға жетті, жекеменшік балабақшалар саны 1,7 есеге өсіп, жалпы мектепке дейінгі мекемелер құрамында 25%-ды құрады»,-деді А.Сәрінжіпов.

Министрдің сөзіне қарағанда, мектепке дейінгі сапалы оқытуға тең қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа дамушы бағдарламалар енгізу, кадрлар дайындау бойынша ресурстық орталық құру, сондай-ақ 2014 жылы ерте даму Тұжырымдамасын жасау жоспарланып отыр.

Білім беру инфрақұрылымдарын дамыту мәселелеріне қатысты, министр, 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 50 мектеп салу көзделіп отырғанын, үш жыл ішінде 146 мектеп салынатынын атап көрсетті. Соның нәтижесінде 2016 жылға қарай апатты мектептер үлесінің 3%-дан 1,5%-ға дейін кемитінін, ал жалпы білім беру жүйесіндегі үш аусымдық оқытудың 1,3%-дан 0,1%-ға дейін қысқаратынын атап көрсетті.

Техникалық және кәсіптік білім беруде айрықша назар білім беру мен бизнестің әріптестігін нығайтуға, кадрларды ҮИИДМБ басымдықтарымен байланыстыра отырып дайындауға аударылады. 2016 жылға қарай дуалды білім беру жүйесімен жұмыс істейтін колледждердің үлесі 20-дан 50%-ға дейін артады. Жоғарғы білім беруде де экономиканы дамытудың инновациялық міндеттерін шеше алатын бәсекеге қаблетті кадрлар дайындау мақсат етіп қойылып отыр.

Министр сондай-ақ, жастар саясатының бағыттары және жастардың өздерін жемісті іске асыруы туралы және оны жүзеге асырудың негізгі принциптері туралы айтты. Ол принциптер - ашықтық, жемқорлыққа қарсы саясат, стратегиялық менеджмент, нәтижеге бағыт ұстау және көлденең де тігінен де ведмоствоаралық өзара іс-қимыл орнату болып табылады.

Орта білім беруді одан әрі дамыту стратегиясы мәселесі бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқармасының төрайымы К.Шамшидинова, «Кәсіпқор» холдингі басқармасының басшысы Э.Сәдуақасова, Назарбаев Университетінің вице-президенті К.Дайырова баяндады.

Талқыланған мәселені түйіндей келе, Үкімет басшысы «жаңашылдықтар енгізудің сапасын көтеру мен жетілдіру мәселелерінің аса маңыздылығын» атап айтты. Премьер-Министрдің пікірінше, бұл жұмыста «педагогтар мен жұртшылық тарапынан қолдау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіністік табу қажет». «Олардың айрықша ықыласынсыз білім беру саласында жаңғырту болмайды»,-деді С.Ахметов. Ол сондай-ақ, ұсынылған жоспарлар мен идеяларда кәсіби мамандардың, тұтастай алғанда халықтың пікірлері ескерілуі тиіс екендігіне тоқталды.

«Мемлекет педагогтық ресурстарды дамытуға - яғни білімін көтеруге, педагог кадрлардың дайындығын жүйелі түрде жетілдіруге зор көңіл бөліп келеді»,-деді С.Ахметов. Оның айтуынша, кадрлар тепе-теңсіздігі күшті, жас дарынды педагогтардың мектептерден кетіп, басқа жағдайы жасалған бәсекелестік ортасы бар экономиканың «бәсекелестік ұстанымды» басқа салаларына орын ауыстыруынан болып отыр. «Бұл мәселелер шешілмейінше, қабылданған мемлекеттік шаралардың тиімділігі төмен, және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу қиынға соғуы мүмкін»,-деді бұл мәселеге қатысты Үкімет басшысы.

С.Ахметов аз жабдықталған мектептер проблемаларын шешу қажеттігіне, ресурстық орталықтар құруға тоқталып, Өңірлік даму министрлігіне бұл жұмысқа ауылдық аумақтарды қолдау бойынша өңірлерді дамыту Бағдарламасының жаңа тарауын жасау шеңберінде кірісуге нұсқау берді.

Отырыста сонымен қатар, Әділет министрі Берік Имашев баяндама жасады. Ол ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарының жобасы туралы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы баяндады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу