ҚР Қорғаныс министрі әскери нысандардың қайта құрылуын тексерді

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов  «Спасск» оқу-жаттығу орталығы мен 68665 әскери бөлімін дамыту жөнінде көшпелі кеңес өткізді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының барлық объектілерін тексеріп, Қарағанды гарнизонындағы 32356 әскери бөлімін дамыту жөніндегі негізгі басымдықтар мен жұмыстың барлық көлемін белгіледі.

Танк айлағы, тактикалық алаң, әскери жарақтандыру пункттері, бақылау-өткізу пункті, казармалар ғана емес, сонымен бірге, әскери қызметшілердің тұрмысына қажетті монша, клуб ғимараты, жатақхана, жылу жолы мен азық-түлік қоймасы секілді нысандар ауқымды жөндеуден өтеді.

Бүгінгі таңда «Спасск» Қазақстан Қарулы Күштері оқу-жаттығу орталықтарының бірі болып табылады. Онда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны және «Алтын үкі» халықаралық сайысы сияқты республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі ауқымды іс-шаралар өткізіледі.

«Тәртіп болған жағдайда ғана біз атқарып жатқан жұмыста алға ілгерілеу болады», - деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті. Бұл әскери жүйедегі шеткі бұрышты тас іспетті. Барлығы мерзімінде орындалатын сапалы жұмысқа байланысты. Себебі, онсыз ауқымды жобаларды іске асыру мүмкін емес».

Қорғаныс министрі Астана маңыңдағы 68665 әскери бөлімінің инфрақұрылымы да алдағы уақытта жаңартылатынын белгіледі.  Мұнда барлық аумақ және әкімшілік-казармалық аймақ нысандары абаттандырылады. Қазіргі уақытта 120 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Одан басқа, бөлім аумағында палаткалы лагерьге арналған аймақ қарастырылады. Онда далалық шығулар мен практикалық сабақтар кезінде әскери қызметшілерді орналастыру жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, лагерь қазіргі заманғы талаптарға сай болады. Алайда, жағдай жауынгерлікке барынша жақындатылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу