Махамбет Досмұхамбетов ҚР бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомство ұжымына бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовты таныстырды.

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай -газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы – Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскери әкімшілік ету магистрі болған.

Еңбек қызметін 1983 жылы "Ембімұнай" бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.

Түрлі жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да бас геолог, геология және геофизика бойынша бас директордың орынбасары, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология бойынша басқарушы директоры – бас геолог, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары және ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті лауазымдарын атқарған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу