Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде 8 энергоблокты, 59 қазандықты, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған — Энергетика министрлігі

Сейсенбі, 23 Маусым 2020, 09:57:15

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы баяндады.

Н. Ноғаевтың айтуынша, жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында жылу беру кезеңі тұрақты режимде өтті. 

«Қысқы жүктеме максимумы 2020 жылғы 9 қаңтарда белгіленген және 15 182 МВт-ты құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 4%-ға артық», — деді энергетика министрі. 

226 энергия кәсіпорны (немесе 87%) 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алды. Әзірлік паспортын алмаған 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Мұндай кәсіпорындар үшін жылу беру маусымына дайын болмау салдарынан электр қуатын өшіру қаупі жоғары. Алайда, олар тыйымдардың болмауына байланысты өз қызметін әрі қарай жалғастыруда. Айыппұлдардың мөлшері аз болғандықтан, энергетикалық мекемелері жылу беру маусымына дайын болу үшін паспорт алудан бас тартып отыр. Бұл мәселе тұрақты түрде Министрлікте көтерілуде, бірақ қолдау таппады», — деді Н. Ноғаев.

2019 жылы Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде 3 996 технологиялық бұзушылық орын алды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 34-ке немесе 1,3%-ға азайды, жылыту кезеңінде 135 немесе 6%-ға өсті.

Өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жергілікті атқарушы органдармен бекітілген жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 48 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейінен 20%-ға аз.

Өткен жылыту маусымында энергия көздерінде пайдаланылатын отын қорының қажетті көлемі 3 млн көмір және 120 мың тонна мазут қамтамасыз етілді.

Н. Ноғаев жылыту маусымына дайындық кезінде шешімді қажет ететін маңызды мәселе — отынға кредиторлық берешектің айтарлықтай үлкен көлемі.

«Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша энергия өндіруші ұйымдардың “ҚазТрансГаз-Аймақ” АҚ алдындағы берешегі 6,4 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың “Богатырь-Көмір” ЖШС алдындағы жалпы сомасы 3,3 млрд теңгені құрайтын қарызы бар», — деді министр.

Бүгінде энергетикалық кәсіпорындар алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты бастады.

Биыл 8 энергоблокты, 59 қазандықты, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған. Маусым айының басында 3 энергоблокта, 5 қазандықта және 8 турбинада жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі сатыларында 3 энергоблокта, 21 қазандықта және 9 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 828 км электр беру желілерін, сондай-ақ 429 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні электр желілерінде 1140 км электр беру желілері мен 65 шағын станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Н. Ноғаев иесіз деп танылған электр желілерін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Министрдің айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 51-қадамында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында иесіз желілерді жою қарастырылған.

Ауқымды жұмыс атқарылды. Иесіз желілердің ұзындығы едәуір төмендеді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 2020 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша иесіз электр желілерінің ұзындығы 225 км және 98 трансформаторлық қосалқы станцияны құрады», — деп хабарлады Н. Ноғаев.

Жалпы алғанда, анықталған иесіз электр желілері 2020 жылдың соңына дейін энергия беруші ұйымдардың балансына берілуі тиіс.
Соңында Н. Ноғаев 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңдерден табысты өту үшін бірқатар орындалуы тиіс міндеттерді атап өтті:

  1. электр станцияларында, электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын орындау;
  2. энергия көздері қоймаларында отынның нормативтік жинақталуын қамтамасыз ету; 
  3. отын жеткізушілердің алдындағы берешектің төмендеуін қамтамасыз ету;
  4. коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кредиторлық берешегін төмендету жөнінде шараларын қабылдау;
  5. білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, елді мекендердің әлеуметтік және мәдени объектілерін дайындау жөніндегі барлық іс-шараларды орындау;
  6. коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың қарыздарын азайту жөнінде шараларын қабылдау;
  7.  Әдiлет, энергетика, ұлттық экономика министрлiктеріне және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүдделi тараптармен бiрлесе отырып, энергетикалық кәсiпорындар жылыту кезеңiне әзірлік паспортын алмаған жағдайында, айыппұлдың көлемін арттыру мәселесiн пысықтау қажет.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, алдағы жылыту маусымына энергия кәсіпорындарының дайындығын бақылау бойынша жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда», — деп түйіндеді Н. Ноғаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.