Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты

Жұма, 22 Мамыр 2020, 08:28:52

Бейсенбі, 21 мамыр күні, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына және Ұлытау ауданына барды. 

Сапар кезінде Премьер-Министрдің орынбасарымен ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова  барды. 

Қазіргі уақытта Жезқазған облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 36 әлеуметтік және мәдени-тарихи жобасы жүзеге асырылуда. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды ​​облысындағы әлеуметтік жұмыс орындарына 472 адам жіберілді. Оның  ішінде 113 адам жастар практикасына, 2 694 адам қоғамдық қызметке тартылған. Жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды (2020 жылдың 1 тоқсаныны бойынша), өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 56,1 мың адам.

Сапар кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтын Орданың негізін салған Жошы хан тарихи-мәдени орталығының құрлысы барысымен танысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жошы хан кесенесін реставрациялауға және тарихиа-мәдени орталықтың инфрақұрылымын құруға республикалық бюджеттен 800 млн теңге бөлінген. Жобада жұмыс істеп жатқан  барлық жұмысшылар «Еңбек» бағдарлмасы бойынша тартылған. Тарихи-мәдени кешенді осы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуымен танысу аясында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов Жезқазған тұрғындарының тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің қалай шешіліп жатқанына ерекше назар аударды. 2020 жылға дейін жүргізілген техникалық зерттеуге сәйкес 26 көппәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда деп танылған, оның ішінде 9-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, 17-сі бұзылуы тиіс. Е. Тоғжанов әкімдіктің 17 апатты үйдің тұрғындарын үш жылда басқа жерге көшіру бағдарламасын жасағанын айтты. Өңірде өткір тұрған мәселенің бірі - халықты сумен қамтамасыз ету

Тұрғындарды сумен қамту мәселесі де өзекті болып тұр. Е. Тоғжанов Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының тұрғындарын сумен қамту мәселесін шешуі тиіс  Есқұла  су құбырының  құрылысының барысына назар аударды

«Суға байланысты өткен жылы үлкен мәселе болғанын білеміз. Тұрғындар 11 күн сусыз отырды. Ондай мәселе болашақта болмауы керек. Облыс әкімімен бұл туралы әңгімелестік. Шешу жолы анықталды. Облыс басшылығы сумен жабдықтау мәселесін түбегейлі шешуге уәде беріп отыр», - деді Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі таңда Сәтпаев қаласы ауыз сумен жаңа су жабдықтау жүйесі арқылы қамтамасыз етіліп отыр. 2019 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бас жобалау институты Жезқазғанды сумен қамтамасыз ету мақсатында Есқұла су таратқышын қайта қалпына келтіру жобасын жасады. Вице-премьер тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешу ҚР Үкіметінің бақылауында екенін баса айтты.

Өз кезегінде Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Кеңгір су қоймасынан қосымша сумен жабдықтау жүйесі екі айдың ішінде  іске қосылатын хабарлады.

Е.Тоғжанов Жезқазғанда салынып жатқан 900 орындық Назарбаев зияткерлік мектебін аралап көрді. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Халықаралық нормаларға сәйкес ауланы абаттандыру, жиһазбен жасақтау бойынша тапсырмалар берілді.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.