ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Канаданың ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Ш. Стайлмен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Канаданың ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайлмен кездесу өткізді.

Тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін, солардың ішінде, іскерлік серіктестікті одан әрі дамыту, Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесін өткізу, сауда-инвестициялық байланыстарды нығайту мен әртараптандыру, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

Бұдан өзге, визалық режимді жеңілдету, өзара туристер ағынын ұлғайту және қазақстандық балаларды хоккейге үйретудің қазақстандық-канадалық пилоттық бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама:

2017 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан мен Канада арасындағы сауда айналымы серпінінің жанданғаны байқалады, оған екі елде де байқалған тұрақты экономикалық өсім себеп. ҚР кеден органдарының мәліметі бойынша, 2017 жылғы қаңтар – мамыр айларында өзара сауда айналымы $242,9 млн-ды құраған, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге (немесе 180%-ға) жоғары көрсеткіш.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу