Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын

Сейсенбі, 26 Мамыр 2020, 12:22:21

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

Өмірзақ Шөкеевтің хабарлауынша, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі 857,2 мың га құрайды. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарының 92%-ы аяқталған.

«Егістікті әртараптандыру бағытына сәйкес, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының алқабы өткен жылмен салыстырғанда 3,2 мың га артып, 122 мың га құрады. Мал азығы  дақылдары 11,6 мың га артып, 213 мың га құрады», — деді Ө. Шөкеев.

Облыста масақты дақылдар егістігі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың га азайып, 213 мың га құраған. Мақта дақылының егістігі 12,7 мың га азайтылды, 118 мың га жерге егілді. Ал майлы дақылдар өткен жылғы деңгейде - 91,4 мың га алқапқа егілген.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін    3 негізгі бағыттағы жұмыстар қолға алынған. Шаруа қожалықтары 3 кооперативке біріктіріліп, техникамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 11 мың га жаңбырлатып суару технологиясын енгізілді. Итальяндық технологиямен 1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы және австралиялық технологиямен 10 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы құрылды. Сонымен қатар күркетауық фабрикасын жем-шөппен қамтамасыз ету жобасы бар.

«11 мың га жерге 10-15 кооператив құру бойынша жоспарымыз бар, осы жұмыстар жүргізілуде», — деді өңір басшысы. 

Ал кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасын енгізілуде.

 «Бұл жобаның тиімділігі 1 га алқаптан жылына 6 млн теңгеден астам табыс табуға мүмкіндік беріп отыр», — деді Ө. Шөкеев.

Облыс басшысының айтуынша, бұдан өзге жеке қосалқы шаруашылықтарда (үй ауласында) тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы ерте пісетін көкөніс, бақша өнімдерін өндіру жолға қойылуда. Мәселен, 10 сотық жерге тамшылатып суаруға жұмсалатын және агротехникалық шығындарын қоса есептегенде, 462 мың теңге қаржы жұмсап, 850 мың теңге табыс табуға болады.

«Осы үш бағытта жұмыс істесек, еңбек өнімділігін 2-3 есе арттыруға мүмкіндігіміз бар», - деді ол.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл өңірде егіс алқабының көлемі 4,2 млн гектарды құрады. Дәнді дақылдар 2,9 млн га егілетін болады. Әртараптандыру аясында майлы дақылдар 955 мың гектар жерге (барлық егіс алқабының 23%) егіледі.

«Бүгінде көктемгі егіс 2,5 млн га алқапта немесе 62,5% жүргізілді. Облыс минералдық тыңайтқыштарды енгізуде республика бойынша алда келеді. Биыл 130 мың тонна  тыңайтқыш сатып алуды жоспарлап отырмыз (өткен жылмен салыстырғанда 15% артық), ол 2,3 млн га алқапқа пайдаланылатын болады», - деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда өңірде сұйық тыңайтқыштарды қолдану өз тиімділігін көрсеткен. Облыстағы 6 шағын зауытта өндірілген сұйық тыңайтқыш 500 мың га алқапта қолданылып, нәтижесінде астықтың шығымдылығы орта есеппен 3 центнерге өсті.

«Биыл төрт айда 20 млрд теңгеге жаңа техника сатып алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 млрд теңгеге артық. Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл барлығы 40 млрд теңгеге 2 мыңнан астам техника алуды жоспарлап отырмыз», - деді Қ. Ақсақалов.

Облыста жыл сайын бидай өңдеу көлемі артып келеді. Өткен жылы пайдалануға берілген құрама жем зауытының есебінен биыл бұл көрсеткіш 47% жетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы осындай тағы бір зауыттың құрылысы басталды.

«Осындай жобалардың нәтижесінде келесі жылы бидай өңдеу көрсеткіші 65%  дейін артады», - деп түйіндеді өңір басшысы. 

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда облыста дәнді дақылдар егілген егіс көлемі 2,5 млн га (66%), майлы дақылдар егілген алқап 394 га (56%) құрады. Егіс науқанына барлық техника жұмылдырылып, 2-3 ауысымдық жұмыс ұйымдастырылды, жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы шаруашылықтар 21,4 млрд теңге несие қаражатын алды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша 4 млрд теңге сомаға өтінім беріліп, 2,8 млрд теңгеге бекітілді», — деді А. Мұхамбетов.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірде ауыл шаруашылығы саласының даму жағдайы туралы айтып берді. Оның хабарлауынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығына 23,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда,  былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 120% құрайды.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 13,6 млн га алқап бекітілген. Қазіргі уақытта 12,1 млн га алқап пайдаланылады.

«Жерді тиімсіз пайдалану фактілері анықталып, 1,1 млн га жайылым алқаптарын пайдаланбау бойынша шаралар қабылданды. Оның 225 мың га мемлекеттің жер қорына қайтарылды. 545 мың га жер ауыл шаруашылығы айналымына берілді. 240 мың га аумақта Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша шаралар қабылданды», — деді Ж. Қасымбек.

Облыста 2019 жылы 360 мың га жайылым суландырылған, биыл 375 мың га жерді суландыру жоспарланған.

«Тозған және құнарсыз жайылым алқаптарын қалпына келтіру үшін пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл – тұрғындардың малын жаюға арналған жерлер. Биылғы жылы бюджеттен тиісті қаражат бөлінді», — деп нақтылады облыс басшысы.

Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 59% құраған. 2019 жылы бұл салада  200 млрд теңгеге өнім өндірілген, биыл өсімді 211 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мал шаруашылығымен өңірде 5096 шаруашылық айналысады, оның ішінде 15 бордақылау алаңы жұмыс істейді.

«Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шетелден және елімізден асыл тұқымды мал басы сатып алынуда. Биылғы жылы 5 мың бас сиыр мен 17 мың бас қой сатып алу жоспарланып отыр. 2020-2023 жылдар аралығында құны 20 млрд теңгені құрайтын қой етін қайта өңдеумен айналысатын ірі қой фермасын құру жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылуда», — деді Ж. Қасымбек.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қаржысы және «Сарыарқа» ӘКК арқылы облыстық бюджет есебінен 5 млрд теңге бөлініп, 3 сүт-тауарлық фермасын құру мәселесі қаралуда. Олардың жалпы өндіріс көлемі жылына 19 мың тоннаны құрайтын болады.

«Жалпы, «ҚазАгро» АҚ институттары арқылы 20 млрд теңгеге 79 жоба іске асырылады», — деп түйіндеді өңір басшысы.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
09 Қыркүйек 2020, 10:20
2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті — Қаржы министрлігі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.