К.Мәсімов ҚР ИДМ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Бүгін Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Инвестициялар және даму министрлігінің ұжымына жаңа басшы - ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған Жеңіс Қасымбекті таныстырды.


«Мемлекет басшысы сізге үлкен сенім артып отыр. Сіз Әсет Өрентайұлының бастаған атқарымдарын жалғастырып, жаңа, тың идеяларды енгізіп, саланы абыроймен алып жүресіз деген сенімдемін. Жаңа жұмыс орнында сәттіліктер тілеймін», - деді К.Мәсімов министрге айтқан сөзінде.

Өз кезегінде, Ж.Қасымбек Президенттің зор сенімін ақтау үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Премьер-Министр сондай-ақ ведомствоның бұрынғы басшысы Әсет Исекешевке Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша Үкіметтегі нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіріп. оның тәжірибесі жаңа қызметте де сұранысқа ие болатынын сеніммен айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу