2016 жылы Қазақстанда жалпы қылмыс саны азайды – Қ.Қасымов

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет отырысы кезінде Қазақстанда биылғы жылы жалпы қылмыстар саны азайғанын хабарлады.

«Елімізде жалпы қылмыстар саны 3,5% азайып, 256 мыңды құрады. Ауырлығы аз қылмыстар саны төрт есеге төмендеді, кісі өлтіру - 5%, зорлау - 24%, ұрлық-қарлық - 10%, қарақшылық жасау - 14% азайды т.с.с. Травматикалық қаруды қолданумен жасалған қылмыстар саны өткен жылы - 79%, ал биыл - 26% төмендеді. Бұл тұрғындардан қару сатып алу және биылғы жылғы қаңтардан бастап травматикалық қарудың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлелдейді», – деп ақпараттандырды Қ.Қасымов.

Министр бұрынғыдай, барлық қылмыстардың 60%-дан астамын ұрлық қылмыстары құрап отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, ұсақ және ауырлығы орташа қылмыстар – ұялы телефондар, автокөліктерден заттарды ұрлау, қалтаға түсу және т.б.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу