Қазпочта ұялы телефондарға арналған post.kz атты бағдарламасын шығарды

«Қазпочта» АҚ post.kz ұлттық пошта және қаржы қызметтері порталының ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды.

"Мобильді қосымша iOS және Android ақпараттық жүйелерінде қолжетімді. Қазіргі таңда бағдарламаға порталда ең көп қолданатын қызметтер қосылған. Ал 2016 жылдың соңына дейін порталдың барлық функцияларымен толықтыратын боламыз", - деп Байрам Азизов, "Қазпочта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы бөлісті.

Бұл бағдарламаның басты артықшылығы Қазпочтаның пошталық және қаржы қызметтерін бір мобильді қосымшаға біріктіруінде. Бұл қосымшаға тіркелу арқылы клиент сәлемдемелерін трек нөмірмен бақылап, @post.kz домені бар электронды поштасымен қолданып, ұялы телефонның теңгерімін толтырып, коммуналды төлемдерді іске асырып, онлайн түрде бөлімшедегі кезекке тұруға мүмкіндік ашады.

Мобильді қосымшамен қолданатындарға және барлық Қазпочта клиенттері үшін тәулік бойы 1499 нөмірі бойынша байланыс орталығы қолжетімді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу